Еркебұлан Дауылбаев Әбілханұлы

    Түркістан облысы әкімінің орынбасары

    Еркебұлан Дауылбаев Әбілханұлы
    Заместитель акима

    Еркебұлан Дауылбаев Әбілханұлы

    Түркістан облысы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев 1978 жылы 30 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген.

    Білімі - жоғарғы.

    1999 жыл - М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін;

    2004 жыл - М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін;

    2012 жыл - Ресей кеден академиясы.

    Мамандығы: кеден ісін ұйымдастыру және басқару, құқықтану, кеден ісі.

    Еңбек жолын 1999 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің инспекторы болып бастады.

    2002-2003 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау басқармасының әкімшілік құқық бұзушылық және контрабандаға қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы;

    2003-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің кеден ісі саласындағы қылмыстармен және құқық бұзушылықтармен күрес бөлімінің бас маманы;

    2005-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің әкімшілік құқық бұзушылықтармен күрес бөлімінің басшысы;

    2008-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Контрабандамен күрес басқармасы басшысының орынбасары;

    2010-2011 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы лицензиялау бөлімінің бастығы;

    2011-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары;
    2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің контрабандаға қарсы күрес басқармасының басшысы;

    2013-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасының басшысы.

    2015 жылы «Агро-НК-А» ЖШС директорының орынбасары;

    2016-2017 жылдары «Нұр Отан» партиясы» Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары;

    2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары;

    2018 жылы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі;

    2018-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары;

    2020-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары;

    2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
    2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі;
    2023-2024 жылдары Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі;

    2024-2026 жылдары Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы;
    2026 жылғы наурыздан бастап Түркістан облысы әкімінің орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері