
Алтаев Ертай Кенжебекұлы
Әкім орынбасары
Өмірбаян
Алтаев Ертай Кенжебекұлы 1984 жылы 1 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында дүниеге келген..
Білімі - жоғарғы.
2005 жыл - Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті;
2012 жыл - Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті.
Мамандығы: туризм, құқықтану.
Еңбек жолын 2005 жылы «Шаробан» ЖШС басқарушы әкімшісі болып бастаған.
2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің жетекші маманы, сарапшысы;
2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің көмекшісі;
2010-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің кеңесшісі;
2011-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі арнайы жобалар секторының сарапшысы, талдау және тексеру-әдістемелік жұмыс секторының инспекторы;
2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі мәдениет және спорт секторының инспекторы;
2022-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің мәдениет, спорт, тілдерді дамыту және жастар саясаты секторының меңгерушісі;
2024 жылғы шілдеден бастап Түркістан облысы әкімінің орынбасары.





