Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы

    Әкім орынбасары

    Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы
    Заместитель акима

    Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы

    Әкім орынбасары

    Өмірбаян

    Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы 1980 жылғы 20 шiлдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданында дүниеге келген.

    Білімі - жоғарғы.

    2000 жыл - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті;

    2005 жыл - Орта Азиялық университеті;

    2005 жыл - М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.

    2018 жыл - Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы.

    Мамандығы: кәсіпорындағы экономика және менеджмент, құқықтану, жер ресурстарын басқару және жерге орналастыру, мемлекеттік және жергілікті басқару

    Еңбек жолын 2001 жылы «МемжерҒӨО» Оңтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорнының Ордабасы жер-кадастр бюросының орындаушысы болып бастаған.

    2002-2003 жылдары «МемжерҒӨО» Оңтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорнының Ордабасы жер-кадастр бюросының техник-жерге орналастырушысы;

    2003-2005 жылдары Ордабасы ауданының жер-кадастры бюросының меңгерушісі;

    2005-2009 жылдары Ордабасы жер-кадастры бюросының құжаттарды қабылдау және тапсыру бөлімінің бастығы, Сайрам аудандық жер-кадастры бюросының меңгерушісі, Сайрам аудандық жер-кадастры филиалының директоры;

    2009-2012 жылдары «Оңтүстік Қазақстан жер ҒӨО» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры;

    2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агентігінің «Жер кадастры мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директорының бірінші орынбасары;

    2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Өндірістік даму министрлігінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары;

    2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары;

    2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалының «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» директордың орынбасары, басқарма басшысының орынбасары;

    2017-2020 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан облысы Түлкібас ауданының әкімі;

    2020-2021 жылдары Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі;

    2021-2024 жылдары Түркістан облысы Түркістан қаласының әкімі;

    2024 жылғы қазан айынан бастап Түркістан облысы әкімінің орынбасары

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері