Жолдасов Зұлпыхар Сансызбайұлы

    Әкімнің бірінші орынбасары

    Жолдасов Зұлпыхар Сансызбайұлы
    Первый заместитель акима

    Жолдасов Зұлпыхар Сансызбайұлы

    Әкімнің бірінші орынбасары

    Өмірбаян

    Жолдасов Зулфухар Сансызбайұлы 1976 жылы 16 маусымда дүниеге келген.

    Білімі - жоғарғы.

    1998 жыл - Қазақ мемлекеттік заң университеті;

    2015 жыл - Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті.

    Мамандығы: құқықтану, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі.

    Еңбек жолын 1996 жылы «Butya-Mix» ЖШС инспекторы болып бастаған.

    1997-1999 жылдары «Тельбоне-Казахстан» шетелдік кәсіпорынының Күзет қызметінің жұмысшысы, «Мера-Макс» ЖШС инспекторы, «Кунарлы» Акционерлік қоғамының заңгері;

    2000-2008 жылдары Бас әскери прокуратураның Қапшағай гарнизоны әскери прокурордың көмекшісі;

    2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қалдықтармен жұмыс істеуді реттеу басқармасының бас сарапшысы;

    2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық заңнама және құқықтық қаматамасыз ету департаментінің Құқықтық жұмыс басқармасының бастығы;

    2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің бастығы;

    2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің басшысы;

    2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары;

    2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары;

    2019-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы;

    2023 жылғы наурыз айынан Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің өңірлік инспекторы;

    2023 жылдың тамызынан бастап Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері