
Басшының орынбасары
Балгабеков Бауыржан Нурлыбекович
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі
Өмірбаян
Туған күні: 1976 жылғы 10 қыркүйек
Туған жері: Шымкент қаласы
Білімі: жоғары
- 1998 жылы — әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті;
- 2005 жылы — ҚР ІІМ Қарағанды заң институты;
- 1992–07.1992 — Лондон, Англия (Merchant Tower School);
- 1996–09.1997 — Нью-Дели, Үндістан (Indian Law Institute);
Білімі бойынша мамандығы:
- Екі шет тілін меңгерген заңгер, халықаралық құқық маманы;
- ҚР ІІМ Басшы құрамды даярлау институты (№1 факультет) — құқық магистрі.
Еңбек жолы:
- 1998–1999 жылдары — Шымкент қаласы прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің, тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры;
- 1999–2013 жылдары — Ішкі істер органдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған (тергеу қызметінің тергеушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы ІІБ Байдібек аудандық Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласы бойынша өкілдігінің бастығы, Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің аға тергеушісі, Астана қаласы ІІД Есіл аудандық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары);
- 2013–2014 жылдары — Қаржы полициясы органдарында әртүрлі лауазымдарда
(Астана қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті); - 2014–2019 жылдары — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған (Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Тергеу басқармасы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-департаменті басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 3-департаментінің басшысы);
- 2020–2021 жылдары — Ақтөбе облысы бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысы;
- 2021–2022 жылдары — Маңғыстау облысы бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің Тергеу басқармасының басшысы;
- 2022–2024 жылдары —Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Тергеу басқармасының басшысы;
- 2024–2026 жылдары — «ARMAN-TAU-COMFORT» ЖШС директорының құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі;
- 2026 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі.





