
Какибаев Мейрамғали Қабдылұлы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы
Өмірбаян
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Гуманитарлық-техникалық академиясын бітірген.
Еңбек жолын энергетика саласының өндірістік және пайдалану ұйымдарында бастап, жұмысшы және электротехникалық персоналдан инженерлік лауазымдарына дейін қызмет атқарған.
Әр жылдары электр энергетикасы кешенінің ұйымдарында, оның ішінде аумақтық электр желілерінде, «KEGOC» АҚ және «АРЭК» АҚ құрылымдарында еңбек еткен, сондай-ақ мемлекеттік энергетикалық қадағалау жүйесінде басшылық лауазымда болды.
2024-2026 жж. - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2026 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы.





