
Омаров Дәурен Даниярбекұлы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі
Өмірбаян
1986 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. 2006 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қаржы құқығы саласындағы қаржыгер» мамандығы бойынша, 2008 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
2007 - 2009 жылдары «АТФ банк» АҚ Тараз қалалық филиалының маманы болып қызмет атқарған.
2010 - 2014 жылдары Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің маманы, бас маманы лауазымында қызмет атқарған.
2014 - 2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің консультант-инспекторы лауазымында қызмет атқарған.
2016 - 2019 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарған.
2019 - 2023 жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарған.
2023-2025 жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарған.
2025 жылғы 1 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.





