Сәкенов Арман Сәкенұлы

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

    Сәкенов Арман Сәкенұлы
    Заместитель руководителя

    Сәкенов Арман Сәкенұлы

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    1994 жылы 23 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген.

    2015 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтаған.

    2017 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    2022 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Математика-Информатика» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын 2015 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде инспектор болып бастаған.

    2016-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде бас маманы лауазымдарын атқарды.

    2022-2025 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Абай облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы қызметін атқарды.

    2025 жылғы 10 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері