
Тауырбеков Азамат Нурланович
Басшының орынбасары
Өмірбаян
1992 жылы 19 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында дүниеге келген.
2014 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін "Экология"мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы Семей қаласы, Жастар орталығының Ішкі саясат бөлімінде жастар ісі әдіскері болып бастады.
2016 жылдың тамыз айынан желтоқсан айына дейін Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы әкімі аппаратының хатшысы қызметін атқарды.
2016 - 2017 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде хатшы болып жұмыс істеді.
2018 жылдың ақпан айынан қыркүйек айына дейін Павлодар қаласындағы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қоршаған ортаны реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы экология департаментінде бас зертханалық және аналитикалық бақылау маманының міндетін атқарушы қызметін атқарды.
2018 - 2019 жылдары Павлодар қаласындағы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қоршаған ортаны реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы экология департаментінде зертханалық және аналитикалық бақылау жөніндегі бас маман қызметін атқарды.
2019 - 2020 жылдары Павлодар қаласындағы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоршаған ортаны реттеу және бақылау комитетінің «Павлодар облысы бойынша экология департаменті» мемлекеттік мекемесінде зертханалық және аналитикалық бақылау бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2020 жылдың маусым айынан тамыз айына дейін Павлодар қаласындағы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоршаған ортаны реттеу және бақылау комитетінің «Павлодар облысы бойынша экология департаменті» мемлекеттік мекемесінде зертханалық және аналитикалық бақылау бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2020 жылдың тамыз айынан қазан айына дейін Павлодар қаласындағы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоршаған ортаны реттеу және бақылау комитетінің «Павлодар облысы бойынша экология департаменті» мемлекеттік мекемесінде зертханалық және аналитикалық бақылау бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
2020 - 2021 жылдары Павлодар қаласындағы «ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоршаған ортаны реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша экология департаменті» мемлекеттік мекемесінің зертханалық және аналитикалық бақылау бөлімінде Павлодар облысы бойынша бөлім бастығы - аға мемлекеттік экологиялық инспекторы қызметін атқарды.
2021 - 2023 жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының бас сарапшысы - аға мемлекеттік экологиялық инспекторы қызметін атқарды.
2023 - 2024 жылдары Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының бас сарапшысы - аға мемлекеттік экологиялық инспекторы қызметін атқарды.
2024 жылдың қыркүйегінен бастап Талдықорған қаласындағы Жетісу аймағы бойынша бөлім бастығының орынбасары - бас мемлекеттік экологиялық инспекторы қызметін атқарды.





