
Мұсабек Байбатыр Базарбайұлы
Басшы
Өмірбаян
Туған күні, жері:
22 ақпан 1998 жыл, Түркістан қаласы, Түркістан облысы (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы)
БІЛІМІ:
2018 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін “Мемлекеттік және жергілікті басқару” мамандығы бойынша бітірген.
2025 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын “Мемлекеттік саясат” мамандығы бойынша бітірген.
2025 жылы А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін “Құқықтану” мамандығы бойынша бітірген.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ:
2018–2019 – Астана қаласындағы «ҚазАгроҚаржы» АҚ Оңалту және проблемалық жобалар департаментінің Оңалту және проблемалық жобалар бөлімінің менеджері.
2019 жылдың тамыз-қараша аралығында — Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің Қаржы құралдары бөлімінің сарапшы міндетін атқарушы.
2019 жылдың қарашасы – 2020 жылдың сәуірі — Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің Қаржы құралдары бөлімінің сарапшысы.
2020 жылдың сәуірі – 2021 жылдың сәуірі — Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық және инвестицияларды тарту департаментінің Инвестициялық саясат департаментінің сарапшысы.
2021 жылдың сәуірі – 2025 жылдың шілдесі — Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің көмекшісі.
2025 жылдың шілдесі — Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі.
2025 жылдың шілдесі – 2026 жылдың наурызы – Тараз қаласындағы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоршаған ортаны реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша бас мемлекеттік экологиялық инспекторы департаментінің басшысының орынбасары.
2026 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – Түркістан қаласындағы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоршаған ортаны реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша экология департаментінің басшысы.





