
Умаров Ермек Қасымғалиұлы
Төрағаның орынбасары
Өмірбаян
1980 жылы 3 маусымда Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласында туылған.
Жоғары білімді, 2001 жылы ҚР ІІМ Академиясын бітірген (өндірісті ұйымдастыру бойынша инженер), 2006 жылы Қ.Сәтпаев атындағы қазақ Ұлттық университетін бітірген (тау инженері-мұнайшы), 2009 жылы Бизнес халықаралық академиясын бітірген (магистр), 2013 жылы York University жоғарғы оқу орнын бітірген (іс әкімшілендіру доқторы).
Еңбек өтілін 1997 жылы ҚР ішкі істер органдарында Ақтөбе қаласында бастады.
2004 ж. қаңтар айынан 2006 ж. шілде айына дейін «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Ақтөбе қ. қауіпсіз техникасы және еңбек қорғау бойынша инженері лауазымында еңбек етті.
2006 ж. шілде айынан 2008 ж. қыркүйек айына дейін «КаспийНефть ТМЕ» ЖШС Ақтөбе қ.бас техникалық басшысы лауазымында жұмыс істеді.
2008 ж. қыркүйек айынан 2010 ж. тамыз айына дейін Ақтөбе қ. «КВ Petroleum» ЖШС бас директорының орынбасары болып еңбек етті.
2010 ж. тамыз айынан 2012 ж. ақпан айына дейін Ақтөбе қ. «Sino Technicg Актобе» ЖШС бас директоры.
2012 ж. ақпан айынан 2012 ж. наурыз айына дейін ҚР АШМ Ақтөбе ауыл шаруашылық басқармасыныың бөлім басшысының м.а., Ақтөбе қ.
2012 ж. наурыз ауынан 2012 ж. шілде айына дейін «КЕН өнеркәсіп-қаржы тобы» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы, Ақтөбе қ.
2012 тамыз айынан 2013 ж. наурыз айына дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы, Орал қ.
2013 ж. наурыз айынан 2015 ж. желтоқсан айына дейін Манғыстау облысы бойынша экология департаментінің басшысы, Ақтау қ.
2015 ж. желтоқсан айынан 2019 ж. маусым айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы, Петропавл қ.
2019 ж. маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.





