Картамұлы Тұрар

    Басшының орынбасары

    Картамұлы Тұрар
    Заместитель руководителя

    Картамұлы Тұрар

    Басшының орынбасары

    Өмірбаян

    2007 жыл - М. Өтемисов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті, химия және биология

    2013 жыл - Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, экология

    2018 жыл - Қазақ-Орыс Халықаралық университеті , құқықтану

    Еңбек жолын 2007 жылғы қыркүйек айынан Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс орта мектебінің химия және биология пәндерінің мұғалімі лауазымнан бастады;

    2008 жылдың қыркүйек айынан бастап Ақтөбе облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының кадрлық, құқықтық жұмыс және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқарды, Ақтөбе қаласы;

    2009 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрілігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Тобыл-Торғай экология департаменті мемлекеттік экологиялық инспекция бөлімінің жетекші маманы-мемлекеттік экологиялық инспекторы болып жұмыс атқарды, Ақтөбе қаласы;

    2012 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрілігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті Экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқарды, Ақтөбе қаласы;

    2013 жылдың шілде айынан бастап «Бур-Най» ЖШС-нің экологі, Ақтөбе қаласы;

    2013 жылдың қыркүйек айынан бастап С. Байшев атындағы Ақтөбе университетінің экология кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс атқарды, Ақтөбе қаласы;

    2014 жылдың шілде айынан бастап «BioEcoSystem» Ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС-нің директоры, Ақтөбе қаласы;

    2019 жылдың шілде айынан бастап «BioEcoSystem» Ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС-нің заңгері, Ақтөбе қаласы;

    2021 жылдың қыркүйек айынан бастап С. Баишев атындағы Ақтөбе университетінің Ауыл шаруашылығы және экология кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс атқарды, Ақтөбе қаласы;

    2022 жылдың мамыр айынан бастап Білім және ғылым Министрлігінің ғылым комитеті ғылыми жобалар және бағдарламалар басқармасының бас сарапшы, Нұр-Сұлтан қ.;

    2022 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ғылыми қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, Астана қ;

    2024 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қалдықтарды басқару департаменті өнеркәсіптік қалдықтар басқармасы бас сарапшы болып жұмыс атқарды, Астана қ;

    2025 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі кез аралығындаҚазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша Экология департаментінің РММ-нің басшының орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері