Кулатаева Айман Зарухановна

    басшының орынбасары

    Кулатаева Айман Зарухановна
    Заместитель руководителя

    Кулатаева Айман Зарухановна

    басшының орынбасары

    Өмірбаян

    Балқаш гуманитарлық-техникалық университетін «инженер-эколог» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2006 жылы «Халықаралық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның 1-дәрежелі маманы болып бастаған.

    2007 жылғы мамырдан бастап 2008 жылғы шілдеге дейін «Қарағанды облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы», Балқаш қалалық қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік инспекция бөлімінің жетекші маманы.

    2008 жылғы шілдеден бастап 2012 жылғы тамызға дейін «Экологиялық реттеу және бақылау Комитетінің Нұра-Сарысу экология департаменті», мемлекеттік экологиялық инспекция бөлімінің жетекші маманы.

    2012 жылғы тамыздан бастап 2014 жылғы қарашаға дейін «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» РММ, мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы, Қарағанды қ.

    2014 жылғы қарашадан бастап 2017 жылғы маусымға дейін «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» РММ, мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы (қалалық, аудандық мемлекеттік экологиялық инспекторы), Қарағпнды қ.

    2017 жылғы маусымнан бастап 2019 жылғы тамызына дейін «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» РММ мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы, Қарағанды қ.

    2019 жылғы тамызынан бастап 2023 жылғы қаңтарға дейін «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» РММ, мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы - Қарағанды облысы бойынша Аға мемлекеттік экологиялық инспекторы, Қарағанды қ.

    2023 жылғы қаңтардан бастап тамызға дейін «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» РММ, мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы - Қарағанды облысы бойынша Аға мемлекеттік экологиялық инспекторы, Қарағанды қ.

    2023 жылғы тамыздан бастап осы жылға дейін «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» РММ, басшысының орынбасары – Қарағанды облысы бойынша Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы, Қарағанды қ.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері