
Өмірбаян
1994 жылы 18 мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар селосында дүниеге келген.
2016 жылы «Нархоз университеті» АҚ «Экология» мамандығы бойынша бітірді.
2020 жылы «І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті» «Математика» мамандығы бойынша бітірді.
2023 жылы «Орталық Азия инновациялық университеті» «Құқық» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 28.10.2019 - 09.11.2020 жылдары Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Экология департаменті зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің бас маманы.
10.11.2020 - 31.05.2022 жылдары Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маман - мемлекеттік экологиялық инспекторы.
01.06.2022 - 02.11.2025 жылдары Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша экология департаменті Зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің басшысы - аға мемлекеттік экологиялық инспекторы.
Қазіргі таңда – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары - бас мемлекеттік экологиялық инспекторы.





