
Братаева Райхан Ғазизқызы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі
Өмірбаян
1967 жылғы 5 желтоқсанда Ақмола облысы Зеренді ауданының Ақан ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдады. 2016 жылы «Көкше» академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақан орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі (1989-1990);
Көкшетау облыстық «Қазақ тілі» қоғамының жауапты хатшысы (1993-1995);
Көкшетау облыстық денсаулық басқармасының маманы (1993-1995);
Ақмола облысы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінің әкімшілік бөлімінің бас маманы (1999-2007);
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша басқармасының Мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің консультанты (2007-2012);
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша басқармасының Мемлекеттік қызмет персоналын бағалау бөлімінің консультанты (2012-2013);
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет персоналын бағалау бөлімінің консультанты (2013-2014);
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің басшысы (2014-2016);
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы (2016);
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы (2016-2017);
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департамент басшысының орынбасары (2017-2019);
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департамент басшысының орынбасары (2019-2020);
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызмет департаменті мемлекеттік қызметті өткеру басқармасының бас консультанты (2020);
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы (2020-2025);
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі (2025 жылғы 13 қарашадан бастап қазіргі уақытта).





