
Жакипов Ерулан Серикович
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы
Өмірбаян
1986 жылы туған. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «менеджмент» (2008 жылы) мамандығы және «электроэнергетика» (2012 жылы) мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Екібастұз қаласындағы «Теміржолжылу-Экибастуз» ЖШС-де инженер болып бастаған.
2011–2013 жылдары - «Казахэнергоэкспертиза» АҚ-да менеджер департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
2013–2014 жылдары - «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ-да департамент директорының орынбасары.
2015–2023 жылдар аралығында түрлі энергоэксперттік ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2023–2024 жылдары - «Алматылық жылу желілері» ЖШС-де диспетчерлеу және автоматтандыру жөніндегі бас инженердің орынбасары.
2025 жылы «КОРЭМ» АҚ-да департамент директоры қызметін атқарды.
2025 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақттық департаментінің басшысы.





