
Мадиев Қуат Қайратұлы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
Өмірбаян
1989 жылы 18 шілдеде Тараз қаласында дүниеге келген. 2006-2010 жылдар аралығында Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Мансап
2010 – 2014 жылдары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында қызмет атқарған.
2014 - 2015 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет атқарған.
2015 - 2019 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы лауазымдарын атқарған.
2019 - 2023 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы қызметін атқарды.
2023- 2025 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы.
2025 жылғы 7 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары болып тағайындалды.





