
Жаров Ержан Каирович
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры
Өмірбаян
1985 жылы туған. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті бакалавриат және магистратура бағдарламаларын, Омбы гуманитарлық академиясы аспирантурасын бітірген. «Болашақ» бағдарламасы аясында Syracuse University (АҚШ) университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. Мамандығы – экономист, экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті аға оқытушысы қызметінен бастаған.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу орталығында бас сарапшы, басшының орынбасары және басшысы лауазымдарын атқарған.
2023 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ақмола облысы бойынша филиалының директоры қызметін атқарды.
2026 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры болып тағайындалды.





