
Өмірбаян
Жиналинов Қайрат Қазбекұлы 1992 жылы 29 ақпанда Қостанай облысының Жітіқара қаласында туған.
Білімі жоғары, 2013 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша, 2019 жылы Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін көлік, көлік техникасы және технология мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2013 жылғы шілдеден тамызға дейін «Рудный қаласы әкімінің аппараты» ММ жастар практикасы бойынша жұмыс істеді.
2013 жылғы қазаннан қарашаға дейін « Костанайские минералы» АҚ жоспарлық-экономикалық бөлімі байыту кешені секторының жоспарлау және талдау жөніндегі жетекші экономисі.
2014 жылғы тамыздан қарашаға дейін «Брендт» ЖШС геологиялық бөлімінің сынама іріктеушісі.
2015 жылғы мамырдан қыркүйекке дейін және 2016 жылғы маусымнан қазанға дейін - «Брендт» ЖШС геологиялық бөлімінің тау-кен жұмысшысы.
Мемлекеттік қызметте 2018 жылдан бастап:
2018 жылғы қарашадан 2019 жылғы сәуірге дейін – «Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты» ММ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бас маманының міндетін атқарушы.
2019 жылғы сәуірден 2023 жылғы қаңтарға дейін «Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты» ММ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы.
2023 жылғы ақпаннан 2025 жылғы тамызға дейін «Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты» ММ Жітіқара қаласы әкімінің орынбасары.
2025 жылғы 4 тамызда Жітіқара ауданы әкімінің өкімімен «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы болып тағайындалды.





