Байгуатов Тлеухан Болатович

    Жетісу облысы бойынша Экология департаментінің басшысы

    Байгуатов Тлеухан Болатович
    Руководитель

    Байгуатов Тлеухан Болатович

    Жетісу облысы бойынша Экология департаментінің басшысы

    Өмірбаян

    Байгуатов Тлеухан Болатович, 1985 жылы 16 тамызда Қазақстан Республикасы, Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының Азаматы.


    2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітіріп, заңгер біліктілігі берілді. 2018 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін "Қаржы" мамандығы бойынша бітіріп, экономист-қаржыгер біліктілігі берілді.

    Еңбек жолы

    2007 жылғы 1 қарашадан бастап еңбек қызметін «А-Моторс» ЖШС-де сату менеджері лауазымынан бастады.

    2008 жылғы 30 желтоқсан – 2009 жылғы 2 сәуір аралығында — Балқаш-Алакөл экология департаментінің Балқаш ауданы бойынша бас маманның міндетін атқарушы – уәкілетті мемлекеттік эколог инспектор.

    2009 жылғы 2 сәуір – 2010 жылғы 1 қараша аралығында — Балқаш-Алакөл экология департаментінің Балқаш ауданы бойынша бас маман – уәкілетті мемлекеттік эколог инспектор.

    2011 жылғы 4 тамыз – 2011 жылғы 27 қазан аралығында — Балқаш-Алакөл экология департаментінің Сарқан ауданы бойынша бас маманның міндетін атқарушы – уәкілетті мемлекеттік эколог инспектор.

    2011 жылғы 27 қазан – 2012 жылғы 2 тамыз аралығында — Балқаш-Алакөл экология департаментінің Сарқан ауданы бойынша бас маман – уәкілетті мемлекеттік эколог инспектор.

    2012 жылғы 2 тамыз – 2013 жылғы 24 шілде аралығында — Алматы облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы.

    2013 жылғы 24 шілде – 2014 жылғы 4 қараша аралығында — Алматы облысы бойынша экология департаментінің Алматы өңірі бойынша мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы.

    2014 жылғы 4 қараша – 2015 жылғы 30 желтоқсан аралығында — Алматы облысы бойынша экология департаментінің Алматы өңірі бойынша мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы.

    2015 жылғы 30 желтоқсан – 2019 жылғы 11 тамыз аралығында — Алматы облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы.

    2019 жылғы 12 тамыз – 2020 жылғы 11 қазан аралығында — Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы.

    2020 жылғы 12 қазан – 2022 жылғы 24 маусым аралығында — Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы – Алматы облысы бойынша аға мемлекеттік эколог инспектор.

    2023 жылғы 29 тамыз – 2023 жылғы 12 қыркүйек аралығында — «Алматы облысының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік сала нысандарын салу бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы.

    2023 жылғы 13 қыркүйек – 2023 жылғы 29 қараша аралығында — «Алматы облысының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік сала нысандарын салу бөлімінің бас маманы.

    2023 жылғы 6 желтоқсан – 2024 жылғы 21 сәуір аралығында — Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының заң бөлімінің жетекші маманы.

    2025 жылғы 22 сәуір – 2025 жылғы 22 мамыр аралығында — Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары – Алматы қаласы бойынша бас мемлекеттік эколог инспектор.

    2025 жылғы 23 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша экология департаментінің басшысы лауазымын атқарады.Мемлекеттік басқару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және қоршаған ортаны қорғау саласында түрлі оқыту мен курстардан өтті.

    Жоғары кәсіби білімі үшін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлері мен вице-министрлерінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері