Жабулов Төлеген Ахметжанұлы

    Қала әкімі аппаратының басшысы

    Жабулов Төлеген Ахметжанұлы
    Руководитель аппарата

    Жабулов Төлеген Ахметжанұлы

    Қала әкімі аппаратының басшысы

    Өмірбаян

    Жабулов Төлеген Ахметжанұлы 1979 жылғы 4 қарашада Қостанай облысы Жітіқара ауданының Тимирязев ауылында туған.

    Білімі жоғары, 2000 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін ұлттық мектептегі қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2000 жылы А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің практикалық қазақ лингвистикасы кафедрасының оқытушысы болып бастады.

    2004 жылғы қыркүйектен 2005 жылғы қыркүйекке дейін ҚИНЭУ техникалық-экономикалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы болып қызмет етті.

    2006 жылғы наурыздан тамызға дейін «Денисов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мемлекеттік тілді оқыту курстарының нұсқаушысы.

    2006 жылғы тамыздан 2011 жылғы тамызға дейін «Алшан негізгі мектебі» ММ директоры.

    2011 жылғы тамыздан 2012 жылғы желтоқсанға дейін «№ 3 Денисов орта мектебі» КММ директоры.

    2013 жылғы қаңтардан 2014 жылғы шілдеге дейін «Рудный политехникалық колледжі» КМҚК электромеханикалық бөлімшесінің меңгерушісі.

    2014 жылғы шілдеден 2017 жылғы қаңтарға дейін «Рудный политехникалық колледжі» КМҚК-да директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы, орынбасары.

    2017 жылғы қаңтардан 2018 жылғы сәуірге дейін «Рудный политехникалық колледжі» КМҚК электромеханикалық бөлімшесінің меңгерушісі.

    2018 жылғы сәуірден 2020 жылғы наурызға дейін Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный технологиялар мен қызмет көрсету колледжі» КМҚК директоры.

    2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметте:

    2020 жылғы наурыздан 2021 жылғы тамызға дейін Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары.

    2021 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы мамырға дейін «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы.

    2025 жылғы 2 мамырда Жітіқара ауданы әкімінің өкімімен Жітіқара ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері