
Балашов Фархад Гиззатович
Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Балашов Фархад Гиззатович 1987 жылғы 2 маусымда Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Құшмұрын ауылында туған.
Білімі жоғары, 2008 жылы Қостанай педагогикалық институтын дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 2008 жылы Әулиекөл аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде грек-рим күресінен жаттықтырушы болып бастады.
2009 жылғы қыркүйектен 2012 жылғы қаңтар аралығында Әулиекөл аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде грек-рим күресінен санатсыз біліктілігі жоғары деңгейдегі әдіскер болып жұмыс істеді.
2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметте:
2012 жылғы ақпаннан 2014 жылғы қазан аралығында «Әулиекөл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы.
2014 жылғы қазаннан 2015 жылғы ақпан аралығында «Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы.
2015 жылғы ақпаннан мамыр аралығында «Рудный қаласы әкімінің аппараты» ММ ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы - әкімнің көмекшісі.
2015 жылғы мамырдан шілде аралығында «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас маманы.
2015 жылғы шілдеден 2016 жылғы маусым аралығында «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ұйымдастыру жұмысы секторының бас маманы.
2016 жылғы наурыздан 2018 жылғы наурыз аралығында «Рудный қаласы әкімдігінің Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы.
2018 жылғы наурыздан 2021 жылғы мамыр аралығында «Ұзынкөл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы.
2021 жылғы мамырдан 2023 жылғы маусым аралығында Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары.
2023 жылғы маусымнан 2024 жылғы сәуір аралығында «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ әдеп жөніндегі уәкілі.
2024 жылғы 4 сәуірде Жітіқара ауданы әкімінің міндетін атқарушының өкімімен Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Ішкі саясат, мемлекеттік тіл саясаты, этносаралық сала, конфессияаралық келісім, мектепке дейінгі балалар, жалпы білім беру мекемелерінде, бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында білім беру қызметтерін ұсыну, аудан халқының денсаулығын сақтау, мәдениет, дін, демография, жастар саясаты, дене шынықтыру және спорт, мемлекеттік рәміздер, ономастика, патриоттық тәрбие, қоғамдық бірлестіктер, қорлардың, БАҚ, қандастармен жұмыс және қайта суару, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мекемелеріне жетекшілік етеді.
Республикалық және облыстық бағдарламалардың, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мәселелері жөніндегі жұмысын ұйымдастырады.
Білім беруді, ғылымды, денсаулық сақтауды, демографияны, мәдениетті, дене шынықтыру мен спортты, тілдерді дамыту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін, ауданның қоғамдық кеңесінің жұмысын үйлестіреді.
«Жітіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне,
«Жітіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне,
«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне,
Жітіқара ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияға,
Жітіқара ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияға,
әскерге шақыру комиссиясына,
Жітіқара ауданының эвакуациялық қабылдау комиссиясына,
үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңеске,
Жітіқара ауданы әкімінің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңеске,
аналар кеңесіне,
Жітіқара ауданының Ақсақалдар кеңесіне,
Жітіқара ауданы бойынша мемлекеттік органдардың нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабына жетекшілік етеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Жітіқара қалалық бөлімшесімен,
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының полиция департаменті Жітіқара қаласының және Жітіқара ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесімен,
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесімен,
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Жітіқара аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесімен,
әділет органдарымен,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының
білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен,
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының
«Жітіқара аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Жітіқара қалалық бөлімімен,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы - «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» департаментінің
Жітіқара аудандық бөлімшесімен,
«Қазпочта» акционерлік қоғамы Қостанай облыстық филиалының
Жітіқара аудандық пошта байланысы торабымен,
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы филиалы Қостанай облыстық телекоммуникация дирекциясының аудандық телекоммуникация торабымен,
Қостанай облыстық радио және теледидар дирекциясының
«Қазтелерадио» акционерлік қоғамының Жітіқара радиотелестанциясы филиалымен,
үкіметтік емес ұйымдармен, жергілікті газеттер мен телерадиохабарлар редакцияларымен, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, жастар ұйымдарымен, діни конфессиялармен, шығармашылық одақтармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады



