Жаныспаев Аслан Амантайұлы

    Жітіқара ауданының әкімі

    Жаныспаев Аслан Амантайұлы
    Аким

    Жаныспаев Аслан Амантайұлы

    Жітіқара ауданының әкімі

    Өмірбаян

    Жаныспаев Аслан Амантайұлы 1982 жылғы 26 сәуірде Қостанай облысы Жітіқара ауданының Жітіқара қаласында туған.

    Білімі жоғары, 2003 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша тәмамдады, 2016 жылы Челябі мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдады.

    Еңбек жолын 2004 жылдың наурызында «Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті» ММ бухесеп және ішкі аудит бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

    2004 жылғы шілдеден 2010 жылғы тамыз аралығында «Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті» ММ бухесеп және ішкі аудит бөлімінің бас маманы.

    2010 жылғы тамыздан 2011 жылғы желтоқсан аралығында «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ экономика және қаржы бөлімінің, жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы жиынтық есептілікті құру бөлімінің бас маманы.

    2011 жылғы желтоқсаннан 2015 жылғы қыркүйек аралығында «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

    2015 жылғы қыркүйектен 2020 жылғы қаңтар аралығында «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары.

    2020 жылғы ақпаннан 2021 жылғы қыркүйек аралығында «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысының орынбасары.

    2021 жылғы қазаннан 2022 жылғы қазан аралығында «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысы.

    2022 жылғы қарашадан 2024 жылғы сәуір аралығында «ТОБЫЛ» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы.

    2024 жылғы 15 сәуірде Қостанай облысы Жітіқара ауданының әкімі болып тағайындалды.

    Аудан аумағында Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың басқа да актілерінің орындалуын ұйымдастырады, облыс әкімі аппаратымен, облыс және аудан кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің басшыларымен ауданның халық шаруашылығы кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды. «Қазақстан-2030» стратегиясының, «Қазақстан – 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясының орындалуын ұйымдастырады және бақылайды. Кадр саясатын жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды.

    Мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты болады.

    Аудан әкімі орынбасарларының, Жітіқара қаласы әкімінің, ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің жұмысын үйлестіреді.

    Аудан әкімдігінің,

    Жітіқара ауданының бюджеттік комиссиясының,

    Жітіқара ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның,

    Жітіқара ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның,

    Жітіқара ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның,

    Жітіқара ауданының аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның,

    Жітіқара ауданы әкімдігінің жанындағы шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің,

    Жітіқара ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның,

    қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияның,

    Жітіқара ауданы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің,

    кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кеңестің қызметіне басшылық етеді.

    Жітіқара ауданының прокуратурасымен,

    Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қостанай облысы бойынша департаментінің Жітіқара қалалық бөлімшесімен,

    «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қостанай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесімен,

    «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесімен,

    «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының полиция департаменті Жітіқара қаласының және Жітіқара ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесімен,

    «Жітіқара» кеден бекетімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

    Заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері