Рамазанов Тимур Біртайұлы

    Заместитель акима

    Рамазанов Тимур Біртайұлы
    Заместитель акима

    Рамазанов Тимур Біртайұлы

    Заместитель акима

    Өмірбаян

    Рамазанов Тимур Біртайұлы 1971 жылы 16 қаңтарда Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылында туған.

    Білімі жоғары, 1993 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын зоотехния мамандығы бойынша, 2008 жылы академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін есеп және аудит мамандығы бойынша тәмамдаған

    1993 жылғы ақпаннан маусымға дейін «Пригородное» ТК мал шаруашылығы бригадирі болып жұмыс істеді.

    1994 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін «Пригородное» ТК зоотехник-селекционері.

    1994 жылғы желтоқсаннан 1996 жылғы ақпанға дейін «Пригородное» ТК мал шаруашылығы бригадирі.

    1996 жылғы ақпаннан 1997 жылғы қыркүйекке дейін «Милютинское» ЖШС бас зоотехнигі.

    2001 жылғы шілдеден 2003 жылғы наурызға дейін «Асбест» ЖШС бас зоотехнигі.

    2003 жылғы наурыздан 2004 жылғы мамырға дейін «Агрофирма Желкуар 2003» ЖШС мал шаруашылығы бригадирі.

    2004 жылғы мамырдан 2007 жылғы желтоқсанға дейін «Агрофирма Желкуар 2003» ЖШС агрономы.

    2008 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін «Костанайские минералы» АҚ қоймашысы.

    2008 жылдан бастапмемлекеттік қызметте:

    2008 жылғы қыркүйектен 2011 жылғы қаңтарға дейін - Денисов ауданы Денисов ауылының әкімі.

    2011 жылғы қаңтардан 2015 жылғы шілдеге дейін Денисов ауданы әкімінің орынбасары.

    2015 жылғы желтоқсаннан 2020 жылғы ақпанға дейін «Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» ММ басшысы.

    2020 жылғы ақпаннан 2023 жылғы қазанға дейін Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының әкімі.

    2023 жылғы қазаннан 2025 жылғы желтоқсанға дейін «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы.

    2026 жылғы 5 қаңтардан бастап Жітіқара ауданы әкімінің өкімімен Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

    Экономика, қаржы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, салық және қаржы-несиелік тәртіп, аудандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, шағын және орта бизнесті қолдау, акцизделетін өнім өндіру және айналымы, сыртқы экономикалық қызмет, отандық тауар өндірушілер (қазақстандық қамту) өнімін жүйе құрайтын кәсіпорындардың сатып алу көлемдерінде арттыру, туризм, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, халықтың әлеуметтік осал топтарына әртүрлі көмек түрлерін көрсету, көші-қон мәселелеріне жетекшілік етеді.

    Өңірдің минералдық-шикізат әлеуетін тиімді игеру, ауданның экономика салаларын цифрландыру, қазақстандық қамту үлесін арттыру бойынша жұмыс жүргізеді, ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.

    Индустриялдық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін инвесторлар, оның ішінде шетелдік инвесторларды іздеуді, келіссөздер жүргізу мен инвесторлар тартуды жүргізеді.

    Өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысына мониторинг жүргізеді, олардың қызметінің тиімділігін талдайды және аудандағы өндірісті ұлғайтудың қолда бар резервтерін анықтайды.

    Өнеркәсіптік өнімді экспортқа, оның ішінде Кеден одағы шеңберінде шығаруға көмек көрсетеді.

    Өндірістік және инновациялық әлеуетті аумақтық ұйымдастыру, өндірістің энергиялық тиімділігі, технологияларды жаңғырту және трансферттеу (аудан аумағында технопарктерді, индустриалдық аймақтарды құру және олардың жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру бойынша) мәселелерін есепке ала отырып, ауданды индустриалдық-инновациялық дамыту мен инновациялық белсенділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және жұмысты ұйымдастырады.

    Республикалық және облыстық бағдарламалардың, әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың жұмысын ұйымдастырады.

    Жетекшілік ететін саласында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын бақылайды.

    Экономикалық және бюджеттік жоспарлау кезінде стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды қалыптастыруды, үш жылдық кезеңге және тиісті қаржы жылына аудан бюджетінің жобасын әзірлеуді;

    экономика, бюджеттік жоспарлау, жергілікті бюджеттің атқарылуы, коммуналдық меншікті басқару, оның ішінде жекешелендіру мәселелері саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелерін;

    жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың функциялары мен дамуын ажырату, жобалық басқаруды дамыту мәселелерін;

    Кәсәпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасының мемлекеттік бағдарламасы мәселелерін;

    өңірлік даму саласында, ауыл аумақтарын дамыту саласында бағдарламалық құжаттардың әзірленуі, түзетілуі, мониторингі және орындалуы жөніндегі жұмысы,

    Әлеуметтік саланы дамыту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін;

    халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің жаңа тәсілдерімен жұмысты үйлестіреді.

    «Жітіқара ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне,

    «Жітіқара ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне,

    «Жітіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне,

    «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне,

    Жітіқара ауданының бюджеттік комиссиясына,

    коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссияға,

    Жітіқара ауданы әкімдігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияға,

    Жітіқара ауданы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кеңеске,

    әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық комиссияға,

    Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі арнайы комиссияға,

    Жітіқара ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органға,

    түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметті анықтау жөніндегі жұмыс тобына,

    «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобына,

    елішілік құндылық үлесі жөніндегі жұмыс комиссиясына;

    аудандық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі жұмыс комиссиясына;

    Жітіқара ауданында салық салу базасын кеңейту және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобына;

    тұрақтандыру қорынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын алуға кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін қарау жөніндегі жұмыс тобына жетекшілік етеді.

    Өнеркәсіп, құрылыс индустриясы кәсіпорындарымен,

    «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Қостанай облысы бойынша қазынашылық департаментінің Жітіқара аудандық қазынашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесімен, аудандық статистика бөлімімен,

    «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
    Жітіқара ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесімен,

    ауданаралық аумақтық сот орындаушыларының бөлімімен,

    Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Жітіқара мүгедектерге арналған өңірлік оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесімен,

    «№ 39 мекеме» мемлекеттік мекемесімен, 6697 әскери бөлімінің әскери ротасымен,

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
    коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы - Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Жітіқара аудандық бөлімшесімен,

    «Қазақстан Халық банкі» АҚ Қостанай облыстық филиалының
    Жітіқара аудандық 220200 басқармасымен және басқа да банктердің филиалдарымен, сақтандыру компанияларымен,

    Жітіқара ауданының кәсіпкерлер қауымдастығымен,

    тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамымен,

    тамақ өнеркәсібі және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарымен,

    «Жәрдем» кредиттік серіктестігімен,кәсіподақ ұйымдарымен,

    Қостанай облысындағы еңбек мобілділігі орталығымен,

    Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Жітіқара филиалымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері