
Касенов Айдар Асқарұлы
Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті директорының орынбасары
Өмірбаян
Касенов Айдар Асқарұлы 1990 жылы 13 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылында дүниеге келген. С.Аманжолова атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Экономика» мамандығы бойынша білім алған.
2014 жылы ШҚО статистика департаменті статистика басқармасының жетекші маманы;
2014 жылдан 2019 жылға дейін ШҚО статистика департаменті тіркелімдер басқармасының бас маманы;
2019-2020 жылдары – ШҚО статистика департаменті Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының басшысы;
2020-2022 жылдары-Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті цифрландыруды дамыту және ақпараттық жүйелерді интеграциялау басқармасының бас сарапшысы;
2022-2024 жылдары-Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті Ақпараттық жүйелерді цифрландыру және интеграциялауды дамыту басқармасының басшысы;
2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің Мемлекеттік қызметтерді үйлестіру және автоматтандыру басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті директорының орынбасары міндетін атқарушы.





