
Әубәкіров Ермек Асқарұлы
Ішкі аудит департамент директоры
Өмірбаян
Жалпы ақпарат, білімі
Туған күні: 1969 жыл
Туған жері: Солтүстік-Қазақстан облысы
Білімі: Ақмола қаржы-экономикалық колледжі – бухгалтер.
«Тұран» университеті – экономист-қаржыгер.
Ұлттық комиссияның 2018 жылғы 20 ақпандағы шешімімен мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді.
Ұлттық комиссияның 2023 жылғы 4 тамыздағы шешімімен жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді.
Мемлекеттік аудитордың халықаралық сертификаты (CIPFA Public Auditor, «DipIPSAS», Ұлыбритания).
Еңбек қызметі:
- 1997 - 2016 ж. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР ҚМ ҚБК Қаржылық бақылау комитетінің басқармасында, ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінде, Ақмола облысы бойынша ҚР ҚК ҚБК Қаржылық бақылау инспекциясында жұмыс істеді;
- 2016 - 2023 ж. Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік секторында, мемлекеттік аудит жүйесінде жұмыс істеді.
- 20.03.2023 ж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі аудит департаментінің директоры.
Мемлекеттік қызметте жұмыс істеген кезеңінде II дәрежелі «Мемлекеттік аудит және қаржы институтының үздігі» төсбелгісімен, ҚР Қаржы министрінің Құрмет грамотасымен, ҚР ҚМ ҚБК Төрағасының Құрмет грамотасымен, Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен, Қаржы сақшысы медалімен, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жыл медалімен марапатталған.





