Әбілғазинов Әлихан Еркінұлы

    Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры

    Әбілғазинов Әлихан Еркінұлы
    Директор

    Әбілғазинов Әлихан Еркінұлы

    Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры

    Өмірбаян

    1990 жылы 27 сәуірде Ақмола облысында дүниеге келген.

    Білімі:

    • 2006 ж.– 2009 ж. – Астана қ., экономика-заң колледжі, Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы;
    • 2009 ж. - 2012 ж. - Қарағанды қ., «Фемида» заң академиясы, Қаржы мамандығы;
    • 2018 ж. - 2020 ж. – Астана қ., С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Ақпараттық жүйелер мамандығы.

    Еңбек жолын халыққа қызмет көрсету орталығында бастады.

    • 2012 ж. - 2013 ж. – Көлік және коммуникация министрлігі, Стратегиялық жоспарлау және бағдарламалық құжаттарды талдау департаментінің сарапшысы, Астана қ.;
    • 2014 ж. - 2017 ж. – Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, бас сарапшы, Қызметтерді автоматтандыру басқармасының басшысы, Астана қ.;
    • 2017 ж. - 2020 ж. – Премьер-Министр Кеңсесі, бас сарапшы, Индустриялық - инновациялық даму бөлімінің салаларды цифрландыру секторының бас консультанты, Астана қ.;
    • 2020 ж. - 2021 ж. – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаментінің директоры, Астана қ.;
    • 2021 ж. - 2022 ж. – Тұңғыш Президент Кеңсесі, консультант, Құжаттамалық, қаржылық және кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы, Астана қ.;
    • 2022 ж. – «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ, фронт-офистерді үйлестіру департаментінің директоры, Астана қ.;
    • 2022 ж. - 2024 ж. – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры, Астана қ.;
    • 2024 ж.– 2025 ж. – «Электрондық қаржы орталығы» АҚ, басқарма төрағасының орынбасары, Астана қ.;
    • 2025 ж. – 2026 ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Цифрландыру және мемлекетік қызметтер департаментінің директоры;
    • 2026 жылғы 23 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері