
Қинаятов Аслан Қинаятұлы
Корпоративтік даму департаментінің директоры
Өмірбаян
1980 жылы 23 ақпанда Торғай (қазіргі Ақмола) облысы Қима ауданы Қима ауылында дүниеге келген.
Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, Алматы менеджмент университетін «Іскерлік әкімшілік» мамандығы бойынша аяқтады. Венгрияда, Австралияда, Қазақстанда оқыды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесіне қосқан үлесі үшін» ведомстволық наградалармен марапатталған.
Қарағанды қ. «Вираж» ЖШС автосалонында менеджер, директордың орынбасары, Қарағанды облысы Саран қ. №4 кәсіптік мектебінің оқу-өндірістік жұмысы бойынша директордың орынбасары болып жұмыс істеді.
2006 жылдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде бас сарапшы, басқарма басшысы, директор қызметін атқарды.
2014 жылдың тамызынан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің директоры.
2020 жылдың қазаннан бастап – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Корпоративтік даму департаментінің директоры.
2024 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту департаментінің директоры қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен және «Денсаулық сақтау үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» ведомстволық наградаларымен марапатталған.





