
Махашева Ақбота Нұрланқызы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Махашева Ақбота Нұрланқызы 1981 жылы туылған. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетін «есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2004-2005 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті көпсалалы колледжінің оқытушысы болып басқаған. 2006-2008 жылдары Тараз экономика және статистика колледжінде оқытушы, 2008-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімиятының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының әкімшілік жұмыстары бөлімінің бас маманы, 2016 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының персоналды басқару бөлімі бас маманы, 2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының кадрлық, қаржылық және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, 2017-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының персоналды басқару бөлімінің басшысы, 2019-2024 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)нің бас инспекторы лауазымдарын атқарған.
2024 жылдың желтоқсанынан бастап Жамбыл облысы әкімі аппараты персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) басшысы лауазымын атқаруда.





