
Жаңабеков Амангелді Жақсылықұлы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
1994 жылы 24 қарашада Жамбыл облысы Сарысу ауданында дүниеге келген. Білімі - жоғары.
2015 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», 2017 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» және 2023 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2015 жылы Тараз қаласындағы № 43 «Еркеназ» бөбекжай-бақшасының күзетшісі болып бастаған.
05.2018 – 07.2019 жылдары Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экология департаментінің әкімшілік-қаржылық, кадрлық, құқықпен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы;
04.2019 – 08.2019 жылдары Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы;
2019 – 2020 жылдары Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы;
2020 – 2021 жылдары Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маман – Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік экологиялық инспекторы;
10.2021 – 12.2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы;
2021 – 2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау бөлімінің бас маманы;
05.2022 – 07.2022 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының құжаттама, бақылау және талдау бөлімінің бас маманы;
2022 – 2024 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының құжаттама, бақылау және талдау бөлімінің бас инспекторы;
2024 – 2026 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас инспекторы
2026 жылдың маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.





