
Батырқұлов Нұрқат Тұрғанұлы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Өмірбаян
Нұрқат Тұрғанұлы Батырқұлов 1986 жылы туған.
Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Тіршілік қауіпсіздігі» және Орталық Азия Университетін «Заңтану» мамандығы бойынша бітірген.
«Өмір сүру қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша магистр дәрежесінің иегері.
2006-2014 жж. - жеке секторда әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2014 ж. – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасында аға офицердің міндетін уақытша атқарушы.
2014-2021 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі (Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым, Қаржы және бюджет комитеттері).
2021-2024 жж. – Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкімет өкілдігінің бас консультанты, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің бас инспекторы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты Заң бөлімінің бас инспекторы.
2024-2025 жж. - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі.
2025 жылдың 22 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымын атқаруда.





