
Тулеуленов Мақсат Талғатұлы
Прокурор Жарминского района
Өмірбаян
М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Қостанай облысы Лисаковск қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары Қостанай облысы Таранов ауданы прокурорының көмекшісі, Қостанай облысы Қарабалық ауданы прокурорының аға көмекшісі, Қостанай облысы прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, Талдықорған қаласы прокуратурасының азаматтық істер бойынша сот шешімдері мен атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау бөлімінің аға прокуроры, Талдықорған қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры, Талдықорған қаласы прокуратурасының мемлекеттік айыптауды қолдау бөлімінің аға прокуроры, Алматы облысы Қапшағай қаласы прокуратурасының аға прокуроры, Алматы облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры, Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің прокуроры, Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры, ҚР БП кадрларды дамыту департаментінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің прокуроры, ҚР БП кадрларды дамыту департаменті әлеуметтік-зейнетақымен қамтамасыз ету тобы басқармасының прокуроры, ҚР БП кадр жұмысы департаменті кадрларды қамтамасыз ету басқармасының прокуроры, Абай облысы прокурорының аға көмекшісі - Кадр жұмысы тобының жетекшісі қызметтерін атқарған. 11.07.2024 жылдан бастап Жарма ауданының прокуроры қызметін атқарды.





