Хаиров Дәурен Ерікұлы

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі

    Хаиров Дәурен Ерікұлы
    Заместитель руководителя

    Хаиров Дәурен Ерікұлы

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі

    Өмірбаян

    Дәурен Ерікұлы Хаиров1988 жылғы7 сәуірде Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында дүниеге келген. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін аймақтану, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін құқықтану мамандықтары бойынша бітірген. Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 8 жылдан асады. Еңбек жолын 2011 жылы «АкжайкЭлектро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мастері болып бастаған. Департамент басшысының орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін ол Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

    ЕҢБЕК ЖОЛЫ

    01.04.2011-01.08.2011 - "АкжайкЭлектро" ЖШС-ніңмастері, Орал қаласы;

    01.09.2011-15.04.2015- Бөкейорда ауданының ІІБ миграциялық полиция бөлімінің жетекші маманы, Батыс Қазақстан облысы, Бөкейордасы ауданы;

    05.05.2015-12.07.2015- «Сот үкімдерін орындау және мүлікті мемлекеттің кірісіне айналдыру жөніндегі аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысының м.а., Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы;

    13.07.2015-24.04.2016-Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету басқармасы "Бөкейорда ауданының сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімі" филиалының басшысы-аға сот орындаушысы, Батыс Қазақстан облысы, Бөкейордасы ауданы;

    25.04.2016-23.10.2016- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы, Орал қаласы;

    24.10.2016-06.08.2019-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы, Орал қаласы;

    07.08.2019-31.08.2021- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы, Орал қаласы;

    01.09.2021-04.04.2024 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы, Орал қаласы;

    05.04.2024 қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары-Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі, Орал қаласы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері