
Бахриразиев Рамиль Хамитұлы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Персоналды басқару департаментінің директоры
Өмірбаян
Рамиль Хамитұлы 1985 жылы дүниеге келген. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі, мемлекеттік менеджмент магистрі. 2022 жылы HR сертификаттау орталығында сертификаттаудан өткен.
2007-2011 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығында консультант, бастықтың орынбасары, операциялық залының бастығы, жинақтау секторының басшысы лауазымдарында жұмыс атқарған.
2011-2015 жылдары жеке секторда заңгер лауазымында жұмыс істеді.
2015 жылдан 2021 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы, консультанты, басқарма басшысы болды.
2021 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бас консультанты, басқарма басшысы болды.
2024 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Персоналды басқару департаментінің директоры лауазымын атқарады.





