Такишев Амир Барамбайевич

    №1 сайлау округінің депутаты.

    Такишев Амир Барамбайевич
    Депутат маслихата

    Такишев Амир Барамбайевич

    №1 сайлау округінің депутаты.

    Өмірбаян

    1983 жылы 2 желтоқсанда туған, қазақ.

    Білімі жоғары, 2008 жылы академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2002 жылы Павлодар қаласының Қазақ-түрік лицейінің жүргізушісі болып бастады.

    2004 жылдан 2006 жылға дейін «Береке-2004» ЖШС «Екібастұз локомотив жөндеу депосы» ӨК жылжымалы құрамды жөндеу слесарі болып еңбек етті.

    2006-2013 жылдары «Локомотив-2030» «Екібастұз локомотив депосы» ЖШС филиалында электровоз машинисінің көмекшісі, электровоз машинисі, машинист-нұсқаушы болып еңбек етті. 2013 жылдан 2015 жылға дейін «Локомотив» АҚ «Екібастұз пайдалану локомотив депосы» филиалының локомотив бригадаларының машинист-нұсқаушысы, 2015 жылы сол жерде директордың пайдалану жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2016 жылдан бастап «ҚТЖ-Жүк тасымалы»АҚ «Павлодар бөлімшесі ЖТ» филиалының Екібастұз пайдалану локомотив депосы бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары, содан кейін бастығы.

    2020 жылдан бастап «ҚТЖ- Жүк тасымалы ЖТ»ЖШС «Павлодар жүк тасымалы бөлімшесі» филиалының Екібастұз пайдалану локомотив депосының бастығы.

    «AMANAT» партиясының мүшесі. 2024 жылғы наурызда VIII шақырылған Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері