БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА

    Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты

    БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА
    Депутат маслихата

    БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА

    Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1964 жылы 15 маусымда Қарағанды облысы Абай қаласында туған, қазақ. Білімі жоғары, 1986 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Экономика және тау-кен өнеркәсібін ұйымдастыру» мамандығы бойынша аяқтады.

    Институтты аяқтаған соң 1986 жылдан 2001 жылға дейін «Екібастұзкөмір» МАҚ, кейіннен «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС болып өзгерген, еңбек және жалақы бөлімінің тау-кен нормалаушысы, жоспарлау-экономикалық бөлімінің бас экономисі, бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші экономисі болып істеді. 2001 жылы «Горэлектросеть» МКК экономика және қаржы мәселелері бойынша вице-президенті, 2008 жылы-«Экибастузкоммунсервис» МКК директоры болып тағайындалды. 2009 жылдан бастап 2011 жылға дейін «Горводоканал» МКК директоры. 2011 жылдың шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін «Горводоканал» МКК атқарушы директоры-директордың орынбасары.

    «Amanat»партиясының мүшесі.

    Үш (V,VI,VII) шақырылымдағы Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты, қалалық мәслихаттың экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасы.

    «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен, қала әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері