
Депутат маслихата
АМУРГАЛИНОВ АРМАН БОЛАТОВИЧ
№4 сайлау округінің депутаты
Өмірбаян
1985 жылы 6 желтоқсанда Павлодар облысы Екібастұз қаласында дүниеге келген, қазақ.
Білімі жоғары, 2008 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Инженер»мамандығы бойынша бітірген.
Университетті аяқтағаннан соң еңбек жолын «МВИ зауыты» ЖШС технолог болып бастады. 2013 жылдан бастап «МВИ зауыты» ЖШС қаржы директоры.
«AMANAT»партиясының мүшесі. 2023 жылғы наурызда VIII сайланған Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының, Екібастұз қалалық мәслихатының азаматтар мен шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.





