
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ
№15 сайлау округінің депутаты
Өмірбаян
1964 жылы 14 қыркүйекте Павлодар облысы Екібастұз ауданы Зеленая роща ауылында дүниеге келген, қазақ.
Білімі жоғары, 1986 жылы Семей зооветеринарлық институтын «Зоотехник» мамандығы бойынша бітірген.
Институтты бітіргеннен кейін 1986 жылдан бастап Екібастұз қаласы Ақкөл ауылы, «Ақкөл» кеңшарының №2 бөлімшесінде зоотехник болып жұмыс істеді. 1990 жылдан бастап Екібастұз қаласы «Екібастұз» кеңшарының, Төртүй ауылының бас зоотехнигі болып жұмыс істеді. 1992-1998 жылдары Екібастұз қаласының Тай ауылы, «Өлеңті» кеңшарының директоры. 1998 жылдан Екібастұз қаласының Ақкөл ауылы «Табыс» шаруа қожалығының басшысы,.
«AMANAT» партиясының мүшесі. Екібастұз қалалық мәслихатының І, VI, VII шақырылымдарының депутаты болды. 2023 жылғы наурызда VIII сайланған Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. Екібастұз қалалық мәслихатының аграрлық секторды дамыту және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.





