
ЖАКУПОВ ЖЕТПИСБАЙ КАЙЫРБЕКОВИЧ
№10 сайлау округінің депутаты
Өмірбаян
1977 жылы 3 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылында дүниеге келген, қазақ.
Білімі жоғары, 1999 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, 2020 жылы академик Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын «Құрылыс» мамандығы бойынша, 2022 жылы «Тұран-Астана» университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Үшқұлын мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2008 жылдан 2010 жылға дейін Баянауыл ауданы Майқайың поселкесі әкімінің орынбасары. 2010-2019 жылдары «Ерболат+Д» ӨК директорының орынбасары. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Nur-Jol KZ» ЖШС басшысы.
«АУЫЛ» партиясының мүшесі. 2023 жылғы наурызда VIII сайланған Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. Екібастұз қалалық мәслихатының құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы. Екібастұз қалалық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.





