Абдрахманов Мурат Каиргельдинович

    Абай облысы бойынша МКД басшысының орынбасары

    Абдрахманов Мурат Каиргельдинович
    Заместитель руководителя

    Абдрахманов Мурат Каиргельдинович

    Абай облысы бойынша МКД басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Абдрахманов Мурат Каиргельдинович 1971 жылы 08 шілдеде Целиноград облысының Целиноград қаласында дүниеге келген.

    Білімі жоғары. 1996 жылы Ақмола аграрлық университетін "инженер-механик" мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы қаржы полициясы академиясын "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы қаржы университетінде магистратураны бітірді.

    Еңбек жолын 1994 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласы Ақмола облысы бойынша кеден басқармасының жолаушылар бөлімінің инспекторы қызметінен бастады.

    1998 жылғы желтоқсаннан 2002 жылғы қаңтарға дейін – Астана қаласы бойынша Бас кеден басқармасының "Әуежай" кеден бекетінің бас инспекторы.

    2002 жылғы қаңтардан 2004 жылғы желтоқсанға дейін - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Петропавл–кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекетінің бас инспекторы, Петропавл қаласы.

    2004 жылғы желтоқсаннан 2008 жылғы наурызға дейін – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Петропавл-авто" кеден бекетінің бастығы, Петропавл қаласы.

    2008 жылғы сәуірден 2010 жылғы тамызға дейін – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Энергетикалық" кеден бекетінің бастығы, Петропавл қаласы.

    2010 жылғы тамыздан 2013 жылғы қазанға дейін – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Петропавл–кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекетінің бастығы, Петропавл қаласы.

    2013 жылғы қазаннан 2014 жылғы қарашаға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Астана–кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекетінің басшысы қызметін атқарды.

    2014 жылғы қарашадан 2015 жылғы қарашаға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Астана–кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекетінің басшысы қызметін атқарды.

    2015 жылғы қарашадан 2017 жылғы ақпанға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Аудит басқармасының № 2 Кедендік бақылау бөлімінің басшысы.

    2017 жылғы ақпаннан 2018 жылғы мамырға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті пост-кедендік бақылау басқармасының көшпелі кедендік тексерулер бөлімінің басшысы.

    2018 жылғы маусымнан 2020 жылғы қарашаға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

    2020 жылғы қарашадан 2023 жылғы желтоқсанға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

    2023 жылғы 11 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарады.

    2020 жылы «Ерлігі үшін» медалімен, 2016 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері