
Мұхаметқалиев Қуаныш Шораұлы
Абай облысы бойынша МКД басшысының орынбасары
Өмірбаян
Мұхаметқалиев Қуаныш Шораұлы 1976 жылы 20 мамырда Семей облысы Семей қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 1994 жылы Р.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық техникумын «қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылы Семей мемлекеттік қаржы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылдың қыркүйек айынан бастап Семей облысы Көкпекті ауданы бойынша салық инспекциясының халыққа салық салу бөлімінің салық инспекторы болып бастады.
1995 жылғы қазаннан 1998 жылғы ақпанға дейін – Семей облысы Көкпекті ауданы бойынша салық инспекциясының заңды тұлғаларға салық салу бөлімінің, кірістерді есепке алу жөніндегі салық инспекторы, аға салық инспекторы.
1998 жылғы ақпаннан 1999 жылғы наурызға дейін – Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті Көкпекті ауданы бойынша салық комитетінің заңды тұлғаларға салық салу бөлімінің аға салық инспекторы.
1999 жылдың наурызынан 2000 жылдың наурызына дейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті Семей қаласы бойынша салық комитетінің есеп бөлімінің аға инспекторы болып жұмыс істеді.
2000 жылғы наурыздан 2007 жылғы қазанға дейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті Семей қаласы бойынша салық комитетінің жеке тұлғалардың аудиті бөлімінің жетекші салық инспекторы, шағын және орта кәсіпкерлікті тексеру бөлімінің жетекші салық инспекторы, жеке кәсіпкерлерді тексеру бөлімінің жетекші салық инспекторы, жеке тұлғаларды тексеру бөлімінің жетекші маманы – жетекші салық инспекторы, жеке тұлғаларды тексеру бөлімінің жетекші маманы – жетекші салық инспекторы, жеке тұлғаларды тексеру бөлімінің бас салық инспекторы, жеке кәсіпкерлермен жұмыс бөлімінің бас салық инспекторы, жеке тұлғалар аудиті бөлімінің бас салық инспекторы болып жұмыс атқарды.
2007 жылғы қазаннан 2008 жылғы тамызға дейін – Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті Семей қаласы бойынша салық комитетінің жанама салықтар бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
2008 жылғы қыркүйектен 2008 жылғы желтоқсанға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті Семей қаласы бойынша салық комитетінің ҚҚС аудиті және қарсы тексерулер бөлімінің бастығы.
2008 жылғы желтоқсаннан 2013 жылғы қазанға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті Семей қаласы бойынша салық басқармасы басшысының орынбасары.
2013 жылғы қазаннан 2014 жылғы қарашаға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті Өскемен қаласы бойынша салық басқармасы басшысының орынбасары.
2014 жылғы қарашадан 2015 жылғы қыркүйекке дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары.
2015 жылғы қыркүйектен 2016 жылғы желтоқсанға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы.
2016 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы тамызға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.
2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың желтоқсанына дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.
2023 жылғы 21 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарады.
2016 жылы "МКК үздігі" ҚР Мемлекеттік кірістер органдарының құрылуына арналған төс белгісімен марапатталған.
2023 жылы "Қаржы қызметінің үздігі" төс белгісімен марапатталған.


