
Данияров Руслан Мамытұлы
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы
Өмірбаян
Данияров Руслан Мамытұлы 1972 жылы Жамбыл облысы Мерке ауылында дүниеге келді.
1998 жылы "қаржыгер - экономист" мамандығы бойынша Еуразиялық нарық институтын және 2011 жылы "құқық бакалавры" мамандығы бойынша А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірді.
Еңбек қызметін 1990 жылы облыстық тұрмыстық басқарма қарамағындағы Арқалық қаласындағы Шаруашылық басқармасында Кассир-қабылдаушы болып бастады, Арқалық қаласы.
1991 жылғы қаңтардан 1991 жылғы тамызға дейін Арқалық Емдік-профилактикалық еңбек шеберханасының экономисі, Арқалық қаласы.
1991 жылғы желтоқсаннан 1993 жылғы қарашаға дейін - Торғай облыстық атқарушы комитетінің жалақы және еңбек бойынша инженері, Арқалық қаласы
1993 жылғы қарашадан 1996 жылғы қаңтарға дейін – Арқалық қаласындағы "Мақсат" халықаралық қайырымдылық компаниясының "Қамқор" Торғай филиалының сауда үйінің директоры, Арқалық қаласы.
1996 жылдың наурызынан 1997 жылдың маусымына дейін Торғай облысы бойынша салық инспекциясы жеке тұлғаларға салық салу бөлімінің инспекторы, 1-санаттағы маманы, Арқалық қаласы.
1997 жылғы қыркүйектен 1998 жылғы тамызға дейін – Арқалық қаласы бойынша салық инспекциясы жеке тұлғаларға салық салу бөлімінің аға салық инспекторы, Арқалық қаласы.
1999 жылғы қарашадан 2003 жылғы қаңтарға дейін Астана қаласындағы Алматы ауданы бойынша салық комитеті Аудит бөлімінің бас маманы, ҚҚС бөлімі, Акциздер бөлімі, жанама салық бөлімі, құжат айналымы және салық тіркеу бөлімінің аға салық инспекторы, Астана қаласы.
2003 жылғы қаңтардан 2005 жылғы ақпанға дейін Астана қаласындағы Алматы ауданы бойынша салық комитетінің жанама салықтар бөлімінің бастығы, Астана қаласы.
2005 жылғы наурыздан 2009 жылғы мамырға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Астана қаласы бойынша салық комитеті Алматы ауданы бойынша салық комитеті басшының орынбасары, Астана қаласы.
2009 жылғы мамырдан 2009 жылғы қазанға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Астана қаласы бойынша Салық департаменті арнайы салық режимдері басқармасының бастығы, Астана қаласы.
2009 жылғы қазаннан 2014 жылғы қазанға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Ірі салық төлеушілер басқармасының сарапсышы, бас сарапшысы, Астана қаласы.
2014 жылғы қазаннан 2015 жылғы наурызға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Бақылау департаменті Аудит басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы.
2015 жылғы наурыздан 2020 жылғы наурызға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Бақылау департаменті аудит басқармасының, Салықтық әкімшелендіру департаменті салықтық аудит басқармасының, Ірі салық төлеушілер департаменті Ірі салық төлеушілер басқармасы басшысының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы.
2020 жылғы сәуірден 2022 жылғы сәуірге дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ірі салықтөлеушілер департаменті, Ірі салық төлеушілер басқармасының басшысы, Астана қаласы.
2022 жылғы сәуірден 2022 жылғы тамызға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, Атырау қаласы.
2022 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды, Семей қаласы.


