
Мусабеков Азамат Серикович
Абай облысы бойынша МКД басшысының орынбасары
Өмірбаян
Мусабеков Азамат Серикович
Мусабеков Азамат Серикович 1982 жылы 03 желтоқсанда Целиноград облысының Целиноград қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2005 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылдың ақпан айынан бастап «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Астана өңірлік филиалының №119911 есеп айырысу-кассалық бөлімінің менеджері қызметінен бастады.
2006 жылғы қарашадан 2007 жылғы қарашаға дейін – «Кредиттер үйі» МКҰ ЖШС кредиттеу бойынша аға кредиттік менеджері, Астана қаласы.
2006 жылғы қарашадан 2008 жылғы сәуірге дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті орталық аппаратының мамандандырылған бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы, Астана қаласы.
2008 жылғы сәуірден 2008 жылғы маусымға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің мамандандырылған бөлімінің жетекші маманы, Астана қаласы.
2008 жылғы маусымнан 2014 жылғы қазанға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті салық аудиті басқармасының сарапшысы, Астана қаласы.
2014 жылғы қазаннан 2015 жылғы ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бақылау департаменті Аудит басқармасының сарапшысы, Астана қаласы.
2015 жылғы ақпаннан 2018 жылғы қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Салықтық бақылау департаменті Аудит басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы.
2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы наурызға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендіру департаменті салық аудиті басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы.
2019 жылғы наурыздан 2020 жылғы наурызға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті аудит департаменті салық аудиті басқармасының бас сарапшысы, Нұр-сұлтан қаласы.
2020 жылғы сәуірден 2025 жылғы наурызға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті аудит департаменті салық аудиті басқармасы басшысының орынбасары, Нұр-сұлтан қаласы.
2025 жылғы 06 наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарады.
2019 жылы «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен, 2021 жылы «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.


