
Құлтілеуов Дүйсен Оразәліұлы
басшы орынбасары
Өмірбаян
Шымкент қаласы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары- Шымкент қаласы бойынша Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы
1991 жылы 22 маусымда Оңтүстік-Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген.
2012 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
2016 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Медальдармен: «Қазақстан Республикасының экология саласына 30 жыл» медалімен, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Экология саласының үздігі» ведомстволық төсбелгісімен марапатталған.
Еңбек жолын 2013 жылы Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің іс – жүргізушісі қызметінен бастаған, Шымкент қ.
2014 – 2019 жылдары Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша экология департаменті Зертхана – аналитикалық бақылау бөлімінің бас маманы лауазымында жұмыс істеді, Шымкент қ.
2019 – 2024 жылдары Шымкент қаласы бойынша экология департаменті Зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс істеді, Шымкент қ.
2024 – 2025 жылдары Шымкент қаласы бойынша экология департаменті Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы – Шымкент қаласы бойынша Аға мемлекеттік экологиялық инспекторы лауазымында жұмыс істеді, Шымкент қ.
2025 жылдың шілде – қараша айларында Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшысы – Қазақстан Республикасының Аға мемлекеттік экологиялық инспекторы лауазымында жұмыс істеді, Астана қ.
2025 жылдың қараша айынан бастап Шымкент қаласы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары – Шымкент қаласы бойынша Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы, Шымкент қ.





