
Өтегенов Айдын Болатұлы
Абай ауданының прокуроры
Өмірбаян
А.Б. Өтегенов Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Әр уақытта Өскемен қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саласында заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры, Павлодар қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің аға прокуроры, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры, Семей қаласы Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бастығы, Үржар ауданы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған, 01.02.2024 жылдан бастап Абай облысы Абай ауданының прокуроры.





