
Ертаев Ержан Ерболұлы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы
Өмірбаян
1985 жылы туған. Павлодар Инновациялық Еуразия Университетін «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы (2008) және «Құқықтану» (2012) мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы «Павлодар лифт» ЖШС-да электромеханик болып бастады.
2009-2013 жж. – Павлодар облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекші маманы, бас маманы.
2013-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің бас сарапшысы.
2014-2015 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басқарма басшысы.
2015-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.
2017-2018 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.
2018-2020 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары.
2020-2021 жж. – Павлодар облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.
2021-2022 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы аппаратының басшысы.
2022-2023 жж. – «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС Бас директоры.
2023-2024 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2024 жылдың шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы.


