
Бабашев Жансерік Өміржанұлы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Цифрлық іріктеу және кадрлық процестер департаментінің директоры
Өмірбаян
Ж.Ө. Бабашев 1984 жылы дүниеге келген. Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің (2007 жыл, Алматы қ.), University College London (2010 жыл, Лондон қ.), І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің (2015 жыл, Талдықорған қ.) түлегі. Инженер, телекоммуникация ғылымдарының магистрі, құқық бакалавры.
2007 жылдан 2013 жылға дейін жеке секторда, оның ішінде трансұлттық компанияда ауысым инженері, инженер, аға инженер, жоба үйлестірушісі, жоба менеджері, директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді.
2014-2016 жылдары – Алматы облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бас маманы.
2016-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы, басқарма басшысы.
2020-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бас консультанты, басқарма басшысы.
2023-2025 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әкімшілік департаментінің директоры.
2025 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Цифрлық іріктеу және кадрлық процестер департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.





