
Иманқұлов Руслан Қазбекұлы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі
Өмірбаян
1981 жылдың 6 қыркүйегінде Павлодар облысының Павлодар қаласында дүниеге келген. 2007 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік бітірген.
2010 жылдан 2012 жылға дейін Павлодар облысының прокуратура органдарында қызмет атқарған.
2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органда жұмыс істейді.
2023 жылдың қаңтардан қазанға дейін Департаменттің Мемлекеттік қызмет аласындағы бақылау басқармасының басшысы лауазымын атқарды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысының 2023 жылдың 18 қазанындағы бұйрығымен Руслан Қазбекұлы Иманқұлов Департамент басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.





