
Мұратқызы Роза ᅠ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметті өткеру департаментінің директоры
Өмірбаян
Мұратқызы Р. 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2008 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетін, 2014 жылы Ұлыбританиядағы Royal Holloway University of London магистратурасын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген («Болашақ» бағдарламасының түлегі).
«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері, 2019 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
2008-2014 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2014-2023 жылдары «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-да, «ҚазТрансГаз» АҚ-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2023 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің трансформация және цифрландыру департаментінің директоры болып қызмет атқарды.
2024 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің цифрландыру департаментінің директоры болып қызмет атқарды.
2025 жылғы қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметті өткеру департаментінің директоры қызметін атқаруда.





