Құсан Еркін Аманкелдіұлы

    №8 сайлау округінің депутаты

    Құсан Еркін Аманкелдіұлы
    Депутат маслихата

    Құсан Еркін Аманкелдіұлы

    №8 сайлау округінің депутаты

    Өмірбаян

    1996 жылы 2 қыркүйекте Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген, қазақ.

    Білімі жоғары, 2018 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «Көлік құрылысы»мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2015 жылы Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде жастар ісі жөніндегі инспектор болып бастады, өндірістік оқыту шебері болып жұмыс істеді, жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы болды. 2021 жылы «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ статистик, «Проммашкомплект» ЖШС-де өңдеуші, Екібастұз қаласы статистика басқармасының «Павлодар облысы бойынша ҚР Ұлттық статистика бюросының департаменті» РММ халық санағын дайындау және өткізу бойынша нұсқаушы болып жұмыс істеді. 2022 жылы Екібастұз қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығында, «Қайнар» білім беру-бос уақытты қамту кешені» КММ педагог-ұйымдастырушы, «Атамұра» МО ұйымдастырушы болып жұмыс істеді. 2023 жылдан бастап Екібастұз қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығын басқарады.

    «Аманат» партиясының мүшесі. 2023 жылғы наурызда VIII сайланған Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. Екібастұз қалалық мәслихатының аграрлық секторды дамыту және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі, Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері